Логопед маманның 2022-2023 оқу жылындағы жылдық есебі. » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Логопед маманның 2022-2023 оқу жылындағы жылдық есебі.
06
июнь
2023

Логопед маманның 2022-2023 оқу жылындағы жылдық есебі.

«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Логопед маманның 2022-2023  оқу жылындағы  жылдық   есебі.

2022-2023 оқу жылына жылдық жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Жұмыс жоспарды басшылыққа ала отырып, логопедиялық қызметтің бағыттарына жылдық жоспар бойынша іс-шаралар атқарылуда.
Педагог логопедтің мақсаты: Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға логопедиялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру, сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу және түзету жұмыстарын жүргізу.
 Міндеттері: 
  1. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балаларға диагностика жүргізі.
  2. Сөйлеу тілі бұзылған балалармен түзету жұмыстарын жүргізе отырып әлуметтік ортаға бейімделу. 
  3. Сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын-алу отырып, түзете-дамыту арқылы білім беру.

 Педагог логопед  маманының жылдық жоспарына дамыту және тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген  педагог логопед  маманының түзете – дамыту төмендегідей кезеңдермен өтті.


1. Диагностикалық кезең:

1. баланың психо-физиологиялық қалпын үнемі және жан-жақты зерттеу.

2. сөйлеу тілі бұзылыстарының әр түрлі деңгей формаларын зерттеу.

3. таным әрекеттерінің бұзылу белгілерін, деңгейін анықтау.


2. Коррекциялық дамыту кезеңі:

1. баланың даму қалыпын ескере отырып  қадамдылық бағытта оқыту процессін жүргізу. 

  1. түзете – дамыту жұмыстарына ата – аналарды енгізу, тығыз байланыста болу. 

3.   әр жас кезеңіне сәйкес танымдық әрекеттерін дамыту. 

         4. баланың сақталған компенсаторлық мүмкіншіліктерін зерттеп, анықтап, ескере отырып «Жеке Дамыту Бағдарламасын» құру.   


3. Тәрбиелеу кезеңі:

     Баланың отбасындағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлқын, жеке тұлғаның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауға, жаңа ортаға үйренуіне қажетті жағымды қасиеттерін тәрбиелеу.   [RbD1]


2022-2023  жаңа оқу жылында барлық сөйлеу компоненттерін тереңдетіп логопедиялық тексеру нәтижелері негізінде логопедтік сабақтарға 31 бала тіркеуге алынды.  Оның ішінде бақылау нәтижесінен және ата-ана өтініші бойынша 1-сыныптардан ауызша сөйлеу тіл кемістігі бар 8 оқушы, даярлық сыныбынан ПМПК қорытындысы бойынша 1оқушы, 3 «В» сыныбынан 3 оқушы ата-ана өтініші бойынша есепке алынды.Қойылған  диагноздары бойынша әр баламен жеке дамыту сабақтары өткізілді. Мектеп оқушылырының сабағының ұзақтығы – 20-25 минут. Логопедтік жұмыстың ұйымдастырылуы:негізгі түрі топтық және жеке сабақтар болып табылады. Топтарға сөйлеуінің бұзылуы ұқсас және жастары шамалас балалар таңдап алынады. 

2022-2023  оқу жылында педагог логопед көмегін 31 бала алды, олардың ішінде: 

9 бала – сигматизм

12 бала – ротацизм

1 бала – Лабдацизм

3 бала – тұтықпа

1 бала – СТЖД І

3 бала – СТЖД ІІ

2 бала – СТЖД ІІІ

        Оның ішінде 1 бала  мектепке дейінгі даярлық тобынан, 8 бала 1-ші сыныптан , 11 бала 2 сыныптан, 3 бала 3- ші сыныптан, 3 бала 4 -шы сыныптан, ЕББҚ ететін оқушы -2, біреуі-1сынып, екіншісі-8 сынып.

ҚР -ның «Білім туралы» заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын ұйымдар үшін үйде немесе   стационарлық көмек, сондай -ақ қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады». Одан ары «мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың білім алып, даму бұзылыстарын түзеп, әлеуметтік тұрғыдан бейімделуі үшін мемлекет жағдай жасайды».
Осы негізде мектебімізде үй жағдайында білім алатын ерекше қажеттілігі бар оқушылар саны: 6. ПМПК тұжырымдамасы мен медициналық анықтамасы бойынша логопед маманын қажет ететін оқушылар саны-3. 1сыныптан-1 оқушы, 8 сыныптан-1 оқушы, 10 сыныптан -1 оқушы.  Аталған оқушылармен логопед маманы ретінде мынадай мақсатта жұмыстар атқарамын: Сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап,түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу. Тілдің грамматикалық құрылымын арттыра отырып сөздік қорларын молайту. Ойлау, есту, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға және өзін - өзі қадағалауға дағдыландыру. Дыбыстарды буында, сөзде дұрыс айтуға машықтандыру арқылы сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, бейнелі суреттер бойынша тілдің грамматикалық құрылымын дамыту. Сұрақты тыңдай білуге, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Дыбыстарды буында, сөздерде анық, таза айтуға үйрету. Зейінін, есте сақтау, елестету, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту. Артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу жаттығуларын, мимикалық , сергіту сәттерінің дұрыс орындалуын қалыптастыру. Танымдық қабілеттерін арттыру. Ұсақ моторикасын жақсарту.
Сөйлеу тілі бұзылған балаларды есептен шығару,оларда сөйлеу дамуындағы кемістіктері жойылуына қарай оқу жылының кез келген мерзімінде жүзеге асырылады. Қорыта келгенде  І-жарты жылдық  диагностика   бойынша -4оқушы, ІІ-жарты жылдықта 12 оқушы  оқу   тілі  дамуында  оң нәтижелі   динамиканы  көрсетті.  2022-2023   оқу  жылында  логопедке тіркелген - 31 бала. Оның  ішінде   - 16 баланың  дыбыстары  бекітіліп, сөйлеу  тазалығы   мен  сөзде,сөйлемде, ауызекі  сөйлеуде   дыбыстардың  бекітілуіне  байланысты    логопедтік есептен шығарылды. 
Келесі оқу жылына әрі қарай логопед маманын қажет ететін 15 оқушымен жұмыс жалғасады.    
 Әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылып, тіл кемістігі бар балалар тіркеуге алынып, түзету сабақтары жүргізілуде. Түзету  сабағы аптасына 2 рет сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен  жекелей және топтық сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың барлығына сөйлеу картасы толтырылған. Әр оқушыға сабақ жоспарлары құрылған. Ата-аналарымен келісімшарт толтырылып, балаларының сабаққа қатысуына келісімдерін берді. Мұғалімдермен және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеймін.

          Жалпы тілінің дамымауының әртүрлі деңгейіне байланысты құрылған жеке дамыту бағдарламасы бойынша қойылған төмендегідей  мақсат- міндеттері:         

          - сөйлеу тілінің түсінуін қалыптастыру;

          - енжар және белсенді сөздік қорларын дамыту;

          - белсеңді сөйлеу тіліне ынталандыру дамыту;

          - байланыстырып  сөйлеу тілдерін дамыту, заттық және сюжеттік суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер құрауға ынталандыру;

          - артикуляциялық аппараттың икемдігін арттыру, қалыптаспаған дыбыстарды қоюға арнайы жаттығулар қатарын үйрету;

          - сөйлеу тіліндегі қалыптасқан дыбыстарды толық анықтап, дыбыстарды қою және бекіту жұмыстарын жүргізу;

- сөйлеу тілінің лексикалық–грамматикалық  құрылымын дұрыс қалыптастыру;

- фонематикалық қабылдау, есте сақтау, сараптау және талдау анализ синтез жүргізу;

Түзету сабақтарының нәтижесінде, балалар алғашқыға қарағанда берілген тапсырмаларды түсініп орындау, өз бетімен орындау, артикуляциялық жаттығуларды игеріп, сөздік қорларын жаңа сөздерімен толықтыру, кеңейту сияқты жетістіктерге қол жеткізуде. 

 Диагностика қортындысы бойынша 1-5 сыныптар арасында дислалия,фонетико-фонематикалық бұзылуы,ажыратуы,сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуі ( 2-3 деңгейлі )бар оқушылар анықталды. Барлық түзете-дамыту сабақтары, дыбыстарды қою және машықтандыру, фонематикалық естуді дамыту, сөйлеу тілінің лексика-грамматикалық құрылымын және т.б. қалыптастыру бойынша балалармен жеке жұмыс, логопед – мұғалімнің жұмыс жоспарына сәйкес жеке дамыту бағдарламасы бойынша өткізілді.
Біржақты  сөйлеу    кемістігі   бар  балаларды   топтастырып  және  жекелеп аптасына  2 рет оқу қызметі өткізілді. Соған  сәйкес    күнтізбелік, перспективалық,   жылдық  жоспарлар  жасалды.

Жоспарға  сәйкес  артикуляциялық  жаттығулар, тыныс  алу  жаттығулары,ұсақ  қол   моторикаға  арналған жаттығулар, дыбысты қою,  машықтандыру,  сөздің   буындық   құрылымын  қалыптастыру, фонематикалық  естуін   және  қабылдауын  дамытуға   арналған  жұмыстар жүргізіледі.

Көбіне  жас  ерекшелігіне   байланысты ұсақ  моториканы  дамытуға   байланысты  жаттығулар  мен   түрлі  ойындар  пайдалана   отырып, баланың сөздік  қорын   молайтуға   септігін  тигізу  үшін кеспе   қағаздары,суретпен жұмыс, интернет материалдары  мен сергіту   сәттерін    пайдалана  қызықтыра   оқу қызметі өткізіліп   отырылады.

Ал  тұтықпа  баламен   Стрельникованың  парадоксальдік  тыныс   алу   жаттығулары  әдісі   бойынша   оқу қызметі  жүргізіледі. Баланың дыбысты  дұрыс   айту  үшін, артикуляциялық  және   тыныс алу   жаттығуларын  , сонымен қатар  әрбір  профилін   дұрыс  қолдану, баламен  жұмыс   жүргізу   жөнінде ескертіліп отырды.


Мектеп бойынша оқушыларға логопедиялық көмек көрсету туралы қорытынды есепбі


1 жыл оқыған оқушыларға логопедиялық көмек көрсету туралы қорытынды кестесі.
ОқушыларТексерілген
жалпы
оқушылар саны 
Ауызша және жазбаша сөйлеу бұзылыстарына ие 
оқушылардың саны
Үйде оқитын оқушылар саны


СТЖД І, ІІ, ІІІ негізделген бұзылыстарФФЖ және сонымен негізделген бұзылыстарДыбыс айтылудың бұзылуы
Тұтығу
Анықталды31651433
Жіберілгендер 





Сабақты жалғастыру үшін қалдырылғандар15




Есептен шығарылғандар16












  1. 8 «В»-сынып оқушысы Бутеева Диляра ОПМПК қорытындысы негізінде мектеп бағдарламасымен үйде оқиды. Диляраның артикуляциялық аппаратын дамыту мақсатында әр түрлі жаттығулар жүргізілді. «Артикуляциялық жаттығулар», «Фонематикалық естуін, қабылдауын дамыту», «Сөйлеу тілінің байланыстырып сөйлеуін дамыту», «Артикуляциялық жаттығуларды еліктеу арқылы және толық, нақты көлемде саналы түрде орындауға үйрету», «Бір жаттығудан екінші жаттығуға жылдам өтуге үйрету», «Тыныс алу жаттығулары» тапсырмаларын орындады. Сабақтың нәтижесінде Диляра тапсырмаларды өте жақсы орындап, әр жаттығуға тез өтуге үйренді.
  2. 10 «А»-сынып оқушысы Тілеуғазы Назерке ОПМПК қорытындысы негізінде мектеп бағдарламасымен үйде оқиды. Ата-ана өтініші бойынша Назеркемен сабақ онлайн форматта өтті. Тапсырмалардың барлығы ватсаб желісі арқылы жіберілді. Тілін дамыту мақсатында, «Артикуляциялық жаттығулар», «Қолдың ұсақ маторикасын дамыту», «Фонематикалық естуін және қабылдауын дамыту», «Өзім туралы..»бір немесе екі буынды сөздерді айтып, жазып үйрену, «Дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыру», «Дыбыс айтуын қалыптастыру», «Дыбыстарды қою», «Дыбыс үндестігі» тапсырмаларын сабақ барысында орындады. Сөздік қоры бір шама жақсарды. халық  ертегілері арқылы балалардың бейнелі сөйлеуін, сөздік қоры дамыды.


  1. 8 «Б» сынып оқушысы Өкен Ернұр ОПМПК қорытындысы негізінде мектеп бағдарламасымен мектепте оқиды. Ернұрдың тіл мүкістігіне байланысты «Артикуляциялық жаттығулар», «Қолдың ұсақ маторикасын дамыту», «Фонематикалық естуін және қабылдауын дамыту», «Өзім туралы..»бір немесе екі буынды сөздерді айтып, жазып үйрену, «К, Қ, Л, Р дыбысының артикуляциясын қалыптастыру», «Дыбыс айтуын қалыптастыру», «Дыбыстарды қою», «Дыбыс үндестігі» тапсырмаларын сабақ барысында орындады. Дыбыстарды еліктеу арқылы шақыру мақсатында Ш,С дыбыстарын айтып үйренді. Сөздік қорында алдыңғы жылға қарағанда ілгерілеу бар.

Қорытынды: Логопедтің көмегін қажет ететін балалардың көрсеткіші оқу жылының басына қарағанда жақсарды. Есепте тұрған басқа балалармен келесі 2023-2024 оқу жылына жұмыстар жалғасады.

Жылдық жоспар бойынша жұмыстар толығымен уақытылы атқарылып, ата-аналар тарапынан ескертулер болған жоқ.

Келесі 2023-2024 оқу жылында мектеп логопедінің мақсат –міндеттері:

· Баланың жалпы даму кезеңдеріндегі сөйлеу тілінің ерекшелігін зерттеу. 

· Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін , құрылымын анықтау. 

· Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу. 

· Тіл кемістіктерінің түрлеріне байланысты жасалған жоспарларға сүйене отырып, түзету әдістері мен амалдарын қолдану. 

· Жүргізілген жұмыстардың нәтижелеріне байланысты есеп беру. 

            

· Жүргізілген жұмыстардың нәтижелеріне байланысты есеп беру. 

 




 

                                               Педагог логопед                                             А. Ж. Жетпісбека 
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru