Арнайы педагогтың 2022-2023 оқу жылына арналған І жартыжылдық есебі » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Арнайы педагогтың 2022-2023 оқу жылына арналған І жартыжылдық есебі
28
декабрь
2022

Арнайы педагогтың 2022-2023 оқу жылына арналған І жартыжылдық есебі

«Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арнайы педагогтың 2022-2023 оқу жылына арналған                      І жартыжылдық есебі

2022-2023 оқу жылына  жылдық жоспар құрылып, мектеп директорымен  бекітілді. Жұмыс жоспарды басшылыққа ала отырып,  дефектологиялық қызметтің бағыттарына жылдық жоспар бойынша іс шаралар атқарылуда. 

Арнайы педагогтың мақсаты: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына және мектеп кеңесінің шешіміне сәйкес білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына арнайы педагогикалық қолдау көрсету.

Арнайы педагогтың міндеттері:

  1. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп тереңдетілген арнайы педагогикалық тексеруден өткізу;
  2. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға жеке, топтық және сыныптық сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
  3. Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде педагогикалық қолдау бойынша кеңес беру. 


Арнайы педагогтың жұмысының негізгі бағыттары: 

  1. Ұйымдастырушылық жұмыс;
  2. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау;
  3. Оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау;
  4. Кеңестік-әдістемелік қызмет;
  5. Өзін-өзі дамыту. 


        «Алакөл  ауданының Үшарал қаласындағы №4 облыстық психологиялық медициналық  педагогикалық консультациясы» мемлекеттік мекемесінің қорытындысы бойынша 5 оқушымен дефектологиялық сабақ  жүргізіледі. Оның ішінде үйден оқитын оқушы саны – 3, Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар -2. Арнайы оқу бағдарламасымен – 2 оқушы, бейімделген оқу бағдарламасымен – 3 оқушы  білім алуда. Оқушыларының  аудандық   құжаттар тізімі бойынша қажетті құжаттары толық жинақталған. Оқушылардың № 4  ОПМПК қорытындылары бар. Әр оқушыға жекелей жеке түзету дамыту жұмыс жоспары құрылды..   

Аталған оқушыларға дефектологиялық тексеру хаттамалары толтырылып, диагностика нәтижелері бойынша жеке дамыту бағдарламалары құрылды. 

Психологиялық-педагогикалық тексеруде оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктері, ауызша сөйлеу тілі, сөздік қоры, байланыстырып сөйлеу тілі, ұсақ қол моторикасы мен негізгі пәндер бойынша (математика, оқуы мен жазуы) тексерілді. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын тексеру үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып диктант, көшіріп жазу және мәтінде оқу сияқты тапырмалар берілді. 

Тексеру нәтижесінде жеңіл зерде бұзылысы бар 3 оқушы, оқу үлгерімі төмен  14 оқушы, жалпы 17 оқушы  арнайы педагогтың түзете-дамыту сабағына тізімге алынды. Оқушылардың психологиялық тұрғыдан жағдайлары зерттеліп, қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ата-аналармен жұмыс

Қыркүйек айының басында Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарымен әңгіме жүргізілді. Балалар туралы мағлұмат жинақталып, 1б формасы толтырылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарына 1а-формасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесін қорытындылана отырып, нәтижелері ППҚҚ отырысында талқыланды. Биылғы оқу жылында жаңадан келген ЕБҚЕ оқушылардың ата-аналары келісім формасын толтырып, мектеппен келісімшартқа отырды. Мектептің ішкі ережелерімен, ППҚҚ мамандарының жұмысымен таныстырылды. Ата-аналарды жеке әр баланың жеке бағдарламасымен таныстырып, үй жағдайында баланың оқуы бойынша, «ППҚ қызметі мамандарының, мұғалімдерінің, ЕБҚ бар оқушылар ата-аналарының өзара әрекеттесу алгоритмі» тақырыбында кеңестер берілді. Және ол кеңестер арнайы педагог кеңестерді тіркеу журналы тіркелді.

Қараша айында ата-аналар жиналысында «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі дегеніміз не?» тақырыбында айында ата-аналар жиналысында баяндама жасалынды. Баяндаманың тақырыбы өзекті болғандықтан ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Жиналыстан соң, жеке кеңес алған ата-аналарда болды.

Желтоқсан айының жоспарына сәйкес, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған үй жағдайында дамытушылық ойын үлгілері»  тақырыптарында семинар-практикум өткізілді. Ата-аналармен бірге ойын түрлері жүргізіліп, ойындарды отбасында балалармен бірге ойнау ұсынылды. Ата-аналармен жұмыс өз жалғасын табуда.

Әр ата-анаға арнайы педагогтың (дефектолог) сабақ өту бағдарламасы түсіндірілді. Жұмыс барысында ата-анамен пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, психологтармен тығыз байланыс жасалды, кеңестер беріліп өтілді. Сабақ барысында ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып, оқушылармен үй жағдайында қандай жұмыс жасау керектігін жайлы ұсыныстар айтылды.

Әкімшілік тарапынан арнайы педагог мұғалімнің жұмысын мектеп директоры және оқу ісі жөніндегі орынбасары қадағалап отырады. Түзету дамыту блогынан мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтың, логопедтің көмектері көрсетіліп отырады.



Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru