Логопед маманының есебі » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
декабрь
2022

Логопед маманының есебі


«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Логопед маманының 2022-2023  оқу жылындағы І-жарты жылдық  есебі.

2022-2023 оқу жылының қыркүйек айынан бастап, оқушылар тізімі іріктеліп, жылдық жоспар, сабақ кестесі құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

2022-2023 оқу жылының 1-жартысында 26 оқушы есепке алынды. Оның ішінде 2021-2022 оқу жылының соңында жақсы нәтижесі үшін 7 оқушы есептен шығарылды. Үйде оқытудағы 1 оқушы көшуіне байланысты есептен шығарылды. Қосымша   балаларды   тексеруден   өту үшін    ПМПК  -ға   жіберіліп   отырды. Жаңа оқу жылында барлық сөйлеу компоненттерін тереңдетіп логопедиялық тексеру нәтижелері негізінде логопедтік сабақтарға 26 бала қабылданды.   Осы оқу жылында бақылау нәтижесінен және ата-ана өтініші бойынша 1-сыныптардан ауызша сөйлеу тіл кемістігі бар 5 оқушы, даярлық сыныбынан ПМПК қорытындысы бойынша 1оқушы, 3 «В» сыныбынан 3 оқушы ата-ана өтініші бойынша есепке алынды.Қойылған  диагноздары бойынша әр баламен жеке дамыту сабақтары өтілуде. Мектеп оқушылырының сабағының ұзақтығы – 20-25 минут. Логопедтік жұмыстың ұйымдастырылуы:негізгі түрі топтық және жеке сабақтар болып табылады. Топтарға сөйлеуінің бұзылуы ұқсас және жастары шамалас балалар таңдап алынады. 

Диагностика қортындысы бойынша 1-5 сыныптар арасында дислалия,фонетико-фонематикалық бұзылуы,ажыратуы,сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуі ( 2-3 деңгейлі )бар оқушылар анықталды. Барлық түзете-дамыту сабақтары, дыбыстарды қою және машықтандыру, фонематикалық естуді дамыту, сөйлеу тілінің лексика-грамматикалық құрылымын және т.б. қалыптастыру бойынша балалармен жеке жұмыс, логопед – мұғалімнің жұмыс жоспарына сәйкес жеке дамыту бағдарламасы бойынша өтілуде.

Жалпы  саны :  26______

Фонетика-фонематикалық   тілінің    толық  дамымауы – __8_____

Фонематикалық  тілінің  толық   дамымауы – _8______                                  

Фонетикалық  тілінің   толық   дамымауы –_7_______

Тұтығу – __3_________ 

Жалпы  тілінің   толық  дамымауына  байланысты   тіл бұзылуы – _1_____ 

Біржақты  сөйлеу    кемістігі   бар  балаларды   топтастырып  және  жекелеп,

аптасына  2 рет оқу қызметі өткізілді.

Балаларды  жалпы сөйлеу  тілін   зерттеп,  сөйлеу  тілі   дамымауының   ерекшелігін  және   деңгейін  ескеріп, әр  балаға   сөйлеу  картасы  толтырылды.    Соған  сәйкес   күнтізбелік, перспективалық,  жылдық   жоспарлар  жасалды.

Жоспарға  сәйкес  артикуляциялық  жаттығулар, тыныс  алу   жаттығулары,ұсақ  қол  моторикаға   арналған жаттығулар, дыбысты қою,   машықтандыру,  сөздің  буындық    құрылымын  қалыптастыру, фонематикалық  естуін  және   қабылдауын  дамытуға  арналған   жұмыстар жүргізіледі.

Көбіне  жас  ерекшелігіне   байланысты ұсақ  моториканы  дамытуға   байланысты  жаттығулар  мен   түрлі  ойындар  пайдалана   отырып, баланың сөздік  қорын   молайтуға   септігін  тигізу  үшін кеспе   қағаздары,суретпен жұмыс, интернет материалдары  мен сергіту   сәттерін    пайдалана  қызықтыра   оқу қызметі өткізіліп   отырылады.

Ал  тұтықпа  баламен   Стрельникованың   парадоксалдік  тыныс  алу    жаттығулары  әдісі  бойынша    оқу қызметі  жүргізіледі. Баланың дыбысты  дұрыс  айту   үшін, артикуляциялық  және  тыныс алу    жаттығуларын  , сонымен қатар  әрбір   профилін  дұрыс  қолдану, баламен  жұмыс   жүргізу   жөнінде ескертіліп отырды.

ҚР -ның «Білім туралы» заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын ұйымдар үшін үйде немесе   стационарлық көмек, сондай -ақ қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады». Одан ары «мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың білім алып, даму бұзылыстарын түзеп, әлеуметтік тұрғыдан бейімделуі үшін мемлекет жағдай жасайды».

 Осы негізде мектебімізде үй жағдайында білім алатын ерекше қажеттілігі бар оқушылар саны: 10. ПМПК тұжырымдамасы мен медициналық анықтамасы бойынша логопед маманын қажет ететін оқушылар саны-3:

Шарипхан Амандық 1 «Г»

Бутеева Диляра    8В

Тілеуғазы Назерке   10А

Аталған оқушылармен логопед маманы ретінде мынадай мақсатта жұмыстар атқарамын: Сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап,түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу. Тілдің грамматикалық құрылымын арттыра отырып сөздік қорларын молайту. Ойлау, есту, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға және өзін - өзі қадағалауға дағдыландыру. Дыбыстарды буында, сөзде дұрыс айтуға машықтандыру арқылы сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, бейнелі суреттер бойынша тілдің грамматикалық құрылымын дамыту. Сұрақты тыңдай білуге, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Дыбыстарды буында, сөздерде анық, таза айтуға үйрету. Зейінін, есте сақтау, елестету, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту. Артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу жаттығуларын, мимикалық , сергіту сәттерінің дұрыс орындалуын қалыптастыру. Танымдық қабілеттерін арттыру. Ұсақ моторикасын жақсарту.

Сөйлеу тілі бұзылған балаларды шығару,оларда сөйлеу дамуындағы кемістіктері жойылуына қарай оқу жылының кез келген мерзімінде жүзеге асырылады. Қорыта келгенде  І-жарты жылдық   диагностика  бойынша  логопедтік   түзету  жұмыстары оқу  тілі   дамуында  оң нәтижелі  динамиканы   көрсетті. 2022-2023  оқу  жылында   логопедке тіркелген    _26 бала. Оның  ішінде  __4_   баланың  дыбыстары  бекітіліп, сөйлеу  тазалығы   мен  сөзде,сөйлемде, ауызекі  сөйлеуде   дыбыстардың  бекітілуіне  байланысты    логопедтік есептен шығарылды.

2-жарты жылдыққа    логопедтік  есепте қалған-_22 бала.
 
ЖСТД_5_
 ФФН__4_
 ФФНР ----4-
 Тұтықпа__3_
 Ринолалия__6_
 
 

Логопед:                  Жетпісбекова А. Ж.

Похожие публикации:

07 июнь 2022 .
28 январь 2022 Мазмұны
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru