Әлеуметтік педагогтың І жарты жылдық есебі » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
декабрь
2022

Әлеуметтік педагогтың І жарты жылдық есебі


«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша

 білім бөлімі» «С.Иманасов атындағы орта мектеп» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылындағы жарты жылдық есебі.


     2022-2023 оқу жылында Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан айларына айлық, апталық және жылдық жоспар жасалып, бекітілді. Оқушылардың құжаттары тексеріліп, көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы, қамқоршылық, мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны анықталды. 2022-2023 оқу жылында мектепте көп балалы отбасының саны 311, толық отбасы 368, толық емес отбасы саны 37, аз қамтылған отбасы саны 48, қамқоршылықтағы оқушылар саны 3, сенімхатпен тұрып жатқан оқушылар саны 7 , мүмкіндігі шектеулі 6-оқушы, оның 6-үйде оқиды, сәтсіз отбасы 3, ондағы  бала саны 10.

       Былтырғы оқу жылына қарағанда, биыл әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың саны артып тұр. Осы оқушылардың ішінен 78-бала қоғамдық тамақпен қамтылып отыр. Оқушылардың күнделікті тамақ ішетіні бақыланады. Әр сыныптың қоғамдық тамақ ішетін оқушыларына сынып жетекшілері дәптер бастап,  бекітілген, түптелген және тексеріліп отырылады.

       Ас мәзірі кесте бойынша жүзеге асырылуда. Буфеттің тазалығын мектеп медбикесі Б.Молдыкулова және мен әлеуметтік педагог қадағалаймыз.

        2022-2023 оқу жылының қыркүйек айына арналған айлық жоспар бойынша, мектептің әлеуметтік паспортын құрылды, және оқушылар мен ата-аналардың әлеуметтік картасы жасалды. Бұл жерде сынып жетекшілердің көмегімен бірігіп жасалынды.

        Әртүрлі әлеуметтік статустағы ақушылардың тізімі жасалып, Үшарал қаласының әкімі: М.О.Сайдильдиновпен бекітілді. Тиісті уақытында әр оқушымен жеке әңгімелер жүргізіледі.

      Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ОПМК қорытындыларын жинақтап, үйде оқитын оқушылардың  құжаттарын реттедім.

        Күнделікті сынып жетекшілермен бірге отырып, оқушылардың сабаққа қатысуы, тәртібі туралы ақпараттар алынып отырады. Сәтсіз отбасындағы балалар сабақтан себепсіз қалған кезде үйлеріне сынып жетекшілерімен бірге барып, ата-аналарына жолығып, анықтап отырамын. Сонымен қатар, сенімхат арқылы оқып жатқан оқушылармен байланыс орнатып, сенімхатпен жауапты тұлғалармен кездесіп, сөйлесіп, оқушылардың жай-күйін анықтап отырамын.

      Қамқоршылықтағы 3 оқушының үйіне қыркүйек айында барып, балалардың тұрмыс жағдайын, отбасы жай-күйін анықтау барысында үйлеріне барып, қамқоршыларымен сөйлесе отырып АКТ толтырылды. Жеке өз бөлмелері бар оқу құралдарымен, сабақ киімдері толық алынған, қамқоршылары мен

 қарым – қатынасы жақсы. Қамқоршылықтағы 3 оқушы қоғамдық тегін тамақ пен және ЖББ қорынан берілетін көмекке қосылып отыр. Қамқоршыларымен тығыз байланыстамын, және мектепшілік іс-шараларға қатысуын қадағалаймын.

       Жоспар бойынша қараша айының 9-12 аралығында «қиын» балалар, жасөспірімдер және тұрмыс деңгейі төмен отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыс деңгейін тексеру мақсатында ағымдық бақылау жүргізудің жоспары құрылды.  Әлеуметтік жағдайы нашар, сәтсіз отбасыларын анықтап Сыдықовтар, Базарбай және Тәсібековтармен жұмыс жүргізіліп, отбасылық жағдайын анықтау барысында үйлеріне барып, тұрмыс-жай күйімен таныстым. Арасында осы оқушылармен, және ата-анасымен жеке әңгіме жүргізіп отырамын.

      Сонымен қатар, қиын балалармен жұмыс жүргізілді. Мектепішілік есепте тұрған 8 «В» сынып оқушысы Тәсібек Елдос, 8 «В» сынып оқушысы Шорман. Осы оқушыларды сырттай бақылап отырамын. Оқушылар ешқандай өрескел мінез танытып, құқық бұзушылық болмады. Керек кезде астыртын сауалнамалар алынады. Мектепішілік есепте тұрған оқушыларға әлеуметтік карта толтырылған. Әлеуметтік жағдайын анықтап, тұрғын үй жай-күйімен таныстым.Арасында сабақтарына қатысып, іс-қимылдарын бақылаймын. 

      Желтоқсан айының 25- күні «Облыс әкімінің шыршасына»  1 оқушы қатыстырдық. 

  • Талғатқызы Балауса 7 «Г» сынып оқушысы  ( аз қамтылған отбасы) 

    Желтоқсан айының 28- күні «Аудан әкімінің шыршасына»  2 оқушы қатыстырдық: 

  • Саяхат Жанерке 9 «В» сынып оқушысы( мүгедек) 
  • Серік Аружан 8 «А» сынып оқушысы (жартылай жетім)

     Сонымен қатар, желтоқсан айының 28- күні «Қала әкімінің шыршасына»  5 оқушы қатыстырдық:

  • Мұратова Анель 5 «А» сынып оқушысы (көпбалалы отбасы)
  • Абылай Кәусар 6 «В» сынып оқушысы (көпбалалы отбасы, үйден оқу) 
  • Бақтыгелді Динара 7 «Б» сынып оқушысы (сенімхат)
  • Темірболат Аяулым 5 «Г» сынып оқушысы (көпбалалы отбасы)
  • Жұмахан Жанерке 4 «Б» сынып оқушысы (аз қамтылған отбасы)


ЖББ қорынан қоғамдық тамақпен қамтылып отырған 78 оқушының әрқайсысына сөмке және кулек берілді. 


Ұсыныстар

  1. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен үнемі қарым-қатынаста болу, қадағалап отыру.
  2. Ата-аналармен, қиын оқушылармен жұмысты алдыңғы қатарға қою
  3. Әр түрлі статустағы оқушыларды мектепшілік шараларға қатысу


                 Орындаған әлеуметтік педагог:         Г.С.Жексембаева


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru