Кәсіптік бағдар - болашаққа жол » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2023

Кәсіптік бағдар - болашаққа жол


« Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» 

коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің

03.02.2023 мектепішілік   семинардың өткізілуі туралы


А қ п а р а т

«Кәсіптік бағдар болашаққа жол» атты мектепішілік семинар өткізіліп іс-шаралар бекітіліп,жоспар бойынша жүргізілді.

Кәсіби бағдар берудің   мақсаттары мен міндеттері: Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.Шақырылған мамандар:

 АГТК директордың  кәсіптік   оқыту  жұмысы  жөніндегі    орынбасары  Мусауов  Кеңес   Сагынбаевич  

АГТК аға  шебері  Атеев   Ерлан Дүйсенбекович

АГТК  өндірістік  оқыту шебері   Абдрахманова  Айдана  Балташовна 

АГТК  өндірістік  оқыту шебері   Ускембаев  Даурен  Муратович

Жетісу облысының кәсіпкерлер   палатасының Алакөл аудандық   филиалының директоры   Мұқаметқалиев   Самат  Оспанұлы   

Мәкетай Ерасыл   Саятұлы аудандық өрт сөндірі бөлімінің басшысы « Мамандығым –мақтанышым».Т/сағаты  9а Б.Несипбекова, «Мамандықты дұрыс таңдай біл.»Ой түйін   9б,А.Ардаков, «Мамандық өмір таңдауы» 9 в Қ.Налибаева өткізген тәрбие сағаттары өзгеше,бір біріне ұксамай өткізіп,оқушылар бойында мамандық таңдау,еңбекке баулу құндылықтарын қалыптастыра білді.Шақырылған маман иелері ризашылықтарын білдірді.Мектеп қабырғасында білім алып жүрген әрбір оқушының алдында мамандық таңдау мәселесі тұратыны анық. Қазіргі уақытта бұл мәселе өте маңызды болып отыр. Өйткені, еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік оқушылар мен олардың ата-аналарын осы мәселе бойынша ойлануға мәжбүр етеді. Оған дұрыс жауап адамның алдағы тағдырына әсер етеді. Әсіресе, мектепті бітірген жас адамға мамандықтың үлкен әлемінде өз орнын табу қиынға соғады. Ол қоғамға қажетті және еңбек нарығының сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес келетін мамандық таңдауы тиіс. 

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Семинарға келген қонақтарға оқушылар өз ойларындағы сұрақтарын қойып,ақыл кңестерін алды.Мектеп психологі Амирғалиева И  мамандармен,оқушылармен психологиялық тренинг өткізді.Мектептің өнерпаз оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

ДТІЖО          Жанболысова Ғ.Б.

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru