Тәрбие жұмысының жүргізілу барысын тексеру қорытындысы » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәрбие жұмысының жүргізілу барысын тексеру қорытындысы
22
февраль
2023

Тәрбие жұмысының жүргізілу барысын тексеру қорытындысы

«Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің 14.02.2023ж 127-н бұйрығы негізінде 2023ж              14-18 ақпан аралығында тәрбие  жұмысының     жүргізілу  барысын     тексеру  қорытындысы жайлы

                                                             Анықтама


 2022--2023 жылға  оқушыларды ұлттық құндылықтарға  тәрбиелеу Тұжырымдамасы негізінде мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау және жүзеге асыру , жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид,бопсалау,зорлық-зомбылық ,буллинг,кибербулинг  көріністерінің алдын алу, тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттырудағы ата-аналармен байланыс,жалпыға құқықтық тәрбие беру ,Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу,мектепте өзін-өзі басқару ұйымын жандандыру,Дебат клубын жандандыру «Оқуға құштар мектеп жобасы,«Адал ұрпақ» клубы  жұмыстарын жүргізуде сынып жетекшілермен бірлесіп  жақсы жұмыстар  жүргізілді. 

Аудандық Адал ұрпақ байқауынан 10 а сынып оқушылары екінші орынды иеленіп,облыстан 2 ші орынды иеленді.Ерғалиева А,Әсемқұл Ернұр.3 тоқсанда 

«Кәсіптік бағдар-болашаққа жол»   мектепішілік   семинар 9 сыныптар арасында өткізілді.


Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық және кәсіптік бағдарын таңдауға көмектесу,мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Мамандығым -мақтанышым.Т/сағаты  9а Б.Несипбекова, Мамандықты дұрыс таңдай біл.Ой түйін  9б,А.Ардаков, Мамандық өмір таңдауы 9 в Қ.Налибаева өткізген тәрбие сағаттары өзгеше,бір біріне ұксамай өткізіп,оқушылар бойында мамандық таңдау,еңбекке баулу құндылықтарын қалыптастыра білді.Шақырылған маман иелері ризашылықтарын білдірді.

Ауған соғысының 34 жылдығына орай 8 а сынып жетекшісі Б.Т.Қабдығалиева  «Ауғандағы отты жылдар» тәрбиелік мәні бар,патриоттық тәрбие беруде салтанатты жиын өткізді.Жиын өте әсерлі өтті. «Отқа оранған жастық шақ»тақырыбына Өзін өзі басқару ұйымының мүшелері видео түсіріп,истаграм желісіне салынды. 15 ақпан -  Кеңес   әскерлерінің  Ауғанстан  жерінен шығарылған күніне орай спорттан «Көңілді мәре» жарысы  5-ші сыныптар  арасында өткізілді. І орын  -5б,   ІІ орын – 5 а, ІІІ орын – 5в, 5г сыныптары  марапатталды. 10-11 сынып  оқушыларымен   алғашқы әскери жетекшісі   Мамырбеков Айдар  Нурболатович  пневматикалық   мылтық (пистолет) атудан сайыс өткізді.   15 ақпан -  Кеңес  әскерлерінің   Ауғанстан  жерінен шығарылған күніне арналған 6- 7  сыныптар  арасында    әскери –патриоттық ән,би  байқауы өткізілді, жетекшісі Дуйсембаева  Торгын Кажымубараковна,7 б сыныбы ,сынып жетекшісі Баймұхамбетов  Д, бас жүлде иеленсе,1 орын 7г сынып,сынып жетекші Бекбаева М .марапатталды.          

 «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында ,«Ризашылдық-мейірімділік бұлағы» атты тәрбие сағаттары 1-11 сынып аралығында өтіп,8а,8б,4б,2б,6а,11б,10а,10б ,9а,5 г сыныптары истаграммға салынды.Тәртіпсіздіктін алдын алу бойынша 5б,11 б,10а,10б,1б,6а,2б,8 в,3г сынып сағаттары истаграмм желісіне жүктелді.

«Білімді ұрпақ –болашақ тірегі»2 сыныптар арасында интелектуалды сайыс өтті. 2 в 1 орын ,сынып жетекшісі Карижанова Р, 1 сыныптар арасында «Ойлы болсаң-озып көр»атты интеллектуалды сайыс өтті.1 орынды  1 в сынып жеңіп алды.Сынып жетекші Мырзабекова Н

Саналы тәрбие,сапалы білім беріп жүрген  сынып жетекшілер арасында мектепішілік «Үздік сынып жетекші-23»байқауы өткізілді.Бас жүлде Амирғалиева И, 1 орын Нұгыманова Р,2 орын Қазиева Б,Нұрболатова М,3 орын Шарипова М,Мұкашова М,Жұмашова Д иеленді.

Ауданда оқушы   қыздар арасындағы  «Бұрымды қыз-2023» атты байқау өтті.

Байқау оқушы қыздардың ұлттық тәрбиені нақыштау, творчествалық потенциалын көтеру, танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, икемділігін, сөйлеу мәдениетін, сөйлеу шеберлігін, тартымдылығын дамыта отырып  өнерге баулу, сахнада өзін ұстау қабілеттерін қалыптастыру;  ұлттық   құндылықтарды  бойларына сіңіру;  9 в сынып оқушысы Айдарханқызы  Нүргүл аудандық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

«Оқуға құштар мектеп»жобасы мектеп директорының бұйрығына сәйкес іс-шара бекітілген.  Кітап оқу оқушылардың  ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады. Төменгі сынып оқушыларын кітап оқуға тартудың бір әдісі ретінде  1-6 сыныптар арасында «Аудандық кітапханаға  саяхат» іс-шарасы ұйымдастырылды.Балалар өздерінің сүйікті кітаптарымен танысып,көптеген мағлұматтар алды. Демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Менің сүйікті кітабым», «Менің сүйікті әдеби кейіпкерім» челлендждері ұйымдастырылып, оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу үшін келесі оқырманға өздерінің оқыған кітаптарын жолдады. Сонымен қатар, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр атты», әдеби кеш, Ыбырай Алтынсариннің 180 жыл толуына орай, А.Байтұрсынұлы 150 ж, Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай,  Ұлы заңғар жазушымыз М.Әуезов 125 ж,Сәкен Иманасов оқулары  жүзеге асырылуда.  10 а сыныбында   «Адам болам десеңіз...» монолог«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы».Аудан бойынша Жасөспірімдер арасында Бейсенбек Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауы бағыттары бойынша :"Үздік репортаж"-10а сынып оқушысы Амантай Ақниет,"Үздік шығарма"-10а сынып оқушысы Бимақан Әзиля,"Үздік арнау"-10а сынып оқушысы Серікқызы Фатима,"Үздік ток-шоу "-10а сынып Ақажан Уалихан шығармашылық жұмыспен ізденіп,өз қабілеттерін шыңдады.10а сынып оқушысы Серікқызы Фатима Бейсен Құранбектің өмірі мен еңбегі туралы оқушының өзі шығарған авторлық "арнауын"мәнерлеп жатқа оқудан 2-орын иеленді. 26.12.2022жылы"Біз бақытты баламыз" атты аудандық жас дарынды     балалар фестивалінде көркемсөз шеберлігінен  Ж. Жабаев «Зілді Бұйрық»өлеңі 20 шумақ.10а сынып оқушысы Серікқызы Фатима нақышына келтіріп,еш мүдірмей,жоғары дәрежеде жатқа   орындап,нәтижесінде 1-орын,Мұқағали Мақатаев 41 өлеңін жатка айтып бас жүлде иеленді.  Президент  Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен жастардың Тик-ток жүйесінде белсенді болуына байланысты ұйымдастырылған республикалық "Мәңгілік ел"Тик-ток жүйесінде "Қазақ тілінің мәртебесі"тақырыбында байқауға қатысып, 10а сынып оқушысы Түстікбай Данияр Саятұлы 1-орынды иеленді. 6 сыныптар арасында «»Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» викторинасы өтті.Сынып жетекшілер Ә.Қабиденова мен М.Нурболатова . «Оқитын отбасы» тақырыбында 8 а сынып жетекшісі Ш.Несипбекова сынып сағатын өткізсе,7 в сынып жетекшісі Мукашова М  М.Әуезовтың 125 жылдығына орай аудандық кітапхана өкілдерімен кездесу өтті.Кездесу өте жоғары деңгейде өтті.Ұйымдастырылған іс шараның барлығы әлеуметтік желілердегі парақшаларға жариялануда.



                                                                Шешім 

1. Тәрбие жұмыстары жан-жақты  ұйымдастырылсын

2.«Оқуға құштар мектеп»,Өзін өзі басқару ұйымы жұмысы , «Дәстүр мен                 ғұрып»жобасы жандандырылсын



ДТІЖО             Ғ.Б.Жанболысова

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru