«Оқуға құштар мектеп»жобасының жүргізілу барысын қадағалау мақсатында тақырыптық тексеру қорытындысы » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқуға құштар мектеп»жобасының жүргізілу барысын қадағалау мақсатында тақырыптық тексеру қорытындысы
16
январь
2023

«Оқуға құштар мектеп»жобасының жүргізілу барысын қадағалау мақсатында тақырыптық тексеру қорытындысы

«Жетісу   облысы  білім басқармасының Алакөл 

ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 «Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» ккм

09.01.2023ж мектепішілік бақылау№34-н  2023 оқу жылы

09-13 қаңтар аралығында «Оқуға құштар мектеп»жобасының  

жүргізілу барысын  қадағалау мақсатында 

 тақырыптық тексеру қорытындысы

                                                                    Анықтама

Оқу – біздің балаларымыздың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды мәселеcі болып табылады. С.Иманасов орта мектепте «Оқуға құштар мектеп»жобасы мектеп директорының бұйрығына сәйкес іс-шара бекітілген.  Кітап оқу оқушылардың  ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады. Төменгі сынып оқушыларын кітап оқуға тартудың бір әдісі ретінде  1-6 сыныптар арасында «Аудандық кітапханаға  саяхат» іс-шарасы ұйымдастырылды.Балалар өздерінің сүйікті кітаптарымен танысып,көптеген мағлұматтар алды. Демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Менің сүйікті кітабым», «Менің сүйікті әдеби кейіпкерім» челлендждері ұйымдастырылып, оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу үшін келесі оқырманға өздерінің оқыған кітаптарын жолдады. Сонымен қатар, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр атты», әдеби кеш, Ыбырай Алтынсариннің 180 жыл толуына орай, А.Байтұрсынұлы 150 ж, Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай,  Ұлы заңғар жазушымыз М.Әуезов 125 ж,Сәкен Иманасов оқулары  жүзеге асырылуда.  10 а сыныбында   «Адам болам десеңіз...» монолог  «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы» Өмірдегі шолу  жүргізу құндылығы. 12.12.2022 «Желтоқсан алауы- Тәуелсіздік бастауы» Бейнебаян түсірілді.24.11.2022ж.Аудан бойынша Жасөспірімдер арасында Бейсенбек Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауы бағыттары бойынша :"Үздік репортаж"-10а сынып оқушысы Амантай Ақниет,"Үздік шығарма"-10а сынып оқушысы Бимақан Әзиля,"Үздік арнау"-10а сынып оқушысы Серікқызы Фатима,"Үздік ток-шоу "-10а сынып Ақажан Уалихан шығармашылық жұмыспен ізденіп,өз қабілеттерін шыңдады.10а сынып оқушысы Серікқызы Фатима Бейсен Құранбектің өмірі мен еңбегі туралы оқушының өзі шығарған авторлық "арнауын"мәнерлеп жатқа оқудан 2-орын иеленді. 26.12.2022жылы"Біз бақытты баламыз" атты аудандық жас дарынды     балалар фестивалінде көркемсөз шеберлігінен  Ж. Жабаев «Зілді Бұйрық»өлеңі 20 шумақ.10а сынып оқушысы Серікқызы Фатима нақышына келтіріп,еш мүдірмей,жоғары дәрежеде жатқа   орындап,нәтижесінде 1-орын,Мұқағали Мақатаев 41 өлеңін жатка айтып бас жүлде иеленді.  01.12-15.12 2022ж аралығында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен жастардың Тик-ток жүйесінде белсенді болуына байланысты ұйымдастырылған республикалық "Мәңгілік ел"Тик-ток жүйесінде "Қазақ тілінің мәртебесі"тақырыбында байқауға қатысып, 10а сынып оқушысы Түстікбай Данияр Саятұлы 1-орынды иеленді. 6 сыныптар арасында «»Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» викторинасы өтті.Сынып жетекшілер Ә.Қабиденова мен М.Нурболатова . «Оқитын отбасы» тақырыбында 9в Налибаева Қ,8 а сынып жетекшісі Ш.Несипбекова сынып сағаттарын өткізсе,7 в сынып жетекшісі Мукашова М  М.Әуезовтың 125 жылдығына орай аудандық кітапхана өкілдерімен кездесу өтті.Кездесу өте жоғары деңгейде өтті.Ұйымдастырылған іс шараның барлығы әлеуметтік желілердегі парақшаларға жариялануда.

ДТІЖО              Ғ.Б.Жанболысова

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru