. » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
июнь
2022

.

Алакөл аудандық    білім бөлімінің

 бастығы   А.С. Ибраимовқа 

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар  

Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық 

 мемлекеттік мекемесінің әкімшілігінен

Ақпарат

Аудандық  білім бөлімінің  01.10.2021 ж    №419-ө бұйрығы  негізінде «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар  Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі 05.10.2021 жылғы  № 390-н  бұйрығы негізінде  01 қазан  мен 01 қараша  аралығында «Бала құқығы –адам құқығы»   тақырыбында құқықайлығының   іс-шаралары бекітіліп,жоспар бойынша  жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың құқығы, міндеті, жауапкершілігі, ата-ана құқығы, жауапкершілігі, бала құқығы туралы конвенция жөнінде мағлұмат беріліп, талдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар  кешкі рейд жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай оқушы көшеде жүрмегендігі анықталды. Әрбір сыныптар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  төмендегі тәрбиелік мәні бар іс-шаралар атқарылды.1-4 сыныптар  «Баланың құқықтары мен  міндеттері» 5-9 сынып  аралығы  «Балам бол,   басқа  бол  бәріңе заң ортақ»,  10-11   сынып  аралығында   «Құқық және  міндет» осындай тақырыпта  барлық сынып жетекшілер тәрбие сағаттары толық өтіліп, оқушыларға құқықтық   тәрбие  берілді.   Мектеп психологтары  Уралбаева   Ж   және Омарқажықызы  Маржан бопсалаудың  алдын алу   бойынша жасырын  «Өз құқығыңды білесің бе?» атты 8-11  сынып оқушылар арасында  сауалнама алынып, түсіндірме  жұмыстары жүргізілді. 8 «а»  сынып оқушыларымен «Конститутция кемел –келешектің негізі» тақырыбында   кітап  көрмесі  ұйымдастырылып, видео слайд  sakenimanasov.tarbie әлеуметтік желіге салынды. Мектеп инспекторымен  А.А Аппасов  мырзамен   «Мен және менің полицейім»   тақырыбында  оқушылармен  кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты  әр оқушы   өзінің құқығын білу, бұзақылықтан,   бопсалаудан  аулақ болу.                         8-9 сынып оқушыларымен   «Бала  құқығы  - мемлекет назарында» атты   тақырыбы бойынша  мектепішілік   шығарма  байқауы  ұйыдастырылды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Мекишова Сандуғаш, Рамазанқызы Рыскүл шығарманың  қорытындысы   бойынша І орын   Мұратбек  Айым 9 а, ІІ орын  Игісін Нұрай 9 а, Әділхат Әйгерім 9 б, ІІІ  орын   Серікқызы Нұрай 9 б, Серікқызы Фатима   9 в. Болатқызы Разия   «Құқық әліппесі» атты 10-11 сынып аралығында викториналық  сайыс    өткізді. Мектебімізде  тәрбиелік   мәні  бар, құқықтық жауапкершілігі бар іс-шаралар өз дәрежесінде жүргізілді. 

Мектеп   директорының   м.а                   Р.К  Баймухамбетова 

                                                Орындаған:                А.Алпысбекова

Похожие публикации:

07 июнь 2022 .
07 июнь 2022 .
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru