«Адал Ұрпақ» ерікті мектепшілік клубы » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2023

«Адал Ұрпақ» ерікті мектепшілік клубы

«Жетісу   облысы  білім басқармасының Алакөл 

ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 «Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

20.01.2022ж мектепішілік бақылау№791-н «Адал ұрпақ»

 жұмысын қадағалау мақсатында жүргізілген

 тақырыптық тексеру қорытындысы

Анықтама

С.Иманасов орта мектебінде 2017ж бастап  «Адал ұрпақ» ерікті  клубы  жұмыс жасайды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектепшілік клубы қызметі оқушыларға сыбайластыққа қарсы төзбеушілік мінез құлық қалыптастыру ,«Парасатты азамат» бұрышын құру оны ай сайын жаңартып отыру,оқушыларға  аудан көлемінде,мектепішілік іс-шараларға қатысу және өздері белсене қатысу.Клуб мүшесі 10 сыныптардан құралған 20 оқушыдан тұрады,жетекшісі 10 а сынып оқушысы,оқу озаты Әсемқұл Е.

« Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар С.Иманасов ом »коммуналды мемлекеттік мекемесі  «Адал ұрпақ» клубының жұмысы бойынша сыбайлас-жемқорлыққа қарсы 2022 жылы қыркүйек  айында  жоғары сынып оқушыларға  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»» тақырыбында тәрбие орынбасары Жанболысова Ғ.Б  лекция оқыды. Сыбайлас  жемқорлықпен  күрестің мақсаттары мен міндеттерін оқушыларға  ашып түсіндірді.1 Азаматтардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету.2 Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік –құқықтық базаны жетілдіру.3Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-әрекеттердің формаларын, әдістері мен құралдарын  оңтайландыру.4.Қазақстанның  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастығын кеңейту  және жандандыру.  «Тәртіпсіздіктің алдың алу» онкүндігінде 8а,б  сыныпта «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» дөңгелек үстел өткізілді. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына  топқа бөлініп, постер қорғалды.“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді,  деп түсіндірді.Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.Оқушылар өз ойларын ашық,жүйелі айта білді. «Адал ұрпақ»клубының ерікті мүшелері сыбайлас-жемқорлыққа қарсы 2022 ж   қараша  айында «Парасыз болашаққа бірге»атты 1-11 сыныптар арасында акция өткізді. 11 сынып оқушысы Әсемқұл Е оқушыларға  сыбайлас  жемқорлықпен  күрестің мақсаттары мен міндеттерін  ашып түсіндірді.Азаматтардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету,сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік –құқықтық базаны жетілдіру,сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-әрекеттердің формаларын, әдістері мен құралдарын  оңтайландыру,қазақстанның  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастығын кеңейту  және жандандыру жайында айтып берді.Жоғары сыныптың оқушылары  Серікқызы Ф,Түстікбай Д,Майлыбай А шығып,өз ойларын ашық,жүйелі  айта білді. «Тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”деген анықтама берді.     2022-2023оқу жылының бірінші жартыжылдықта«Жемқорлыққа жол жоқ »тақырыбында  аудандық байқауда мектебіміздің «Адал жол» командасы   екінші орынды иеленді.Әсемқұл Ернұр,Ерғалиева Аружан,Серікқызы Фатима,,Облыстық байқауға екі оқушы Әсемқұл Ернұр,Ерғалиева Аружан жолдама алып екінші орын,сертификатпен марапатталды.

Орындаған:                       тжо Жанболысова Ғ

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru