Тәрбие есебі І жартыжылдық бойынша » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
декабрь
2022

Тәрбие есебі І жартыжылдық бойынша

«Жетісу облысы білім басқармасының   Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» С.Иманасов атындағы ом» коммуналды  мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 оқу жылы      ұлттық құндылық  аясында   атқарылған тәрбие жұмысының  жарты жылдық  есебі


        Аудандық  білім бөлімінің  хаты    негізінде «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар  Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі 31.08.2022 жылғы  № 429-н  бұйрығы негізінде  1 қыркүйек білім күніне арналған  «Терең білім,   еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»   салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты іс-шараның мақсаты: Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында         жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру. 

Міндеттері: 

- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру; 

- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;  

- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.   

Салтанатты  жиын ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылды.Үшарал қаласы аналар кеңесінің төрағасы Жуманова Зайра Сайранқызы мен  Алакөл ауданы Білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Төлегенова Асем Мирасиловна  құрметті қонағы болды. 3 «А»  сынып оқушысы   Бейсенбай Каусар «Кел, балалар оқылық» әнімен бастады. Мектеп  табалдырығын аттаған  оқушыларымыз 1 а Нұрболқызы Арайлым, 1 б Кәкен   Айару, 1в Айдосұлы Айсұлтан, 1 г Бәйділдә  Елдана, Ғалымбекұлы Ерсұлтан өздерінің  тақпақтарын айтты. «Біз мектепке барамыз» әнін  орындаған Тұрсын  Нұр мен   Мұхтар Еркежан. Алғашқы қоңырау соққандар: Ортаға 11 «А» сынып оқушылары  Оразхан  Мадияр, Шоқман Камшат, 11 «Б» сынып оқушылары  Қанатқан  Жалғас, Құрманжан  Альмира, 1 «А» сынып оқушысы                                Айдарқызы Алуа, 1 «В» сынып оқушысы   Аманбай Жәдігер.“Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2022-2023 оқу жылының алғашқы сабағымен  жалғасты. «Терең білім,  еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»  атты   тақырыбында  бірыңғай  сынып   сағаты  өткізілді. 

   2- 4   сынып  оқушыларына  арналған «Сәлем, жаңа  оқу   жылы», 5-8  сынып  оқушылары үшін  «Маған   мектеп  формасы ұнайды!»,  9-11   сынып  оқушыларына  «Менің   мектебім-  ең керемет  мектеп!», 1 сыныптары  үшін «Біздің   мектептегі бірінші күніміз»   атты  тақырыптарды  1-11 сынып оқушылары,  сынып   жетекшілерімен 2  минуттық  бейнероликтер түсіріліп  әлеуметтік желіге  салынды.

Сонымен қатар   кешкі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Кезекшілік  кестесі   құрылды.Мектеп директоры Р.К.Баймухамбетова  «Алакөл аудандық білім бөлімі»мекемесінің  01.09.2022ж №527-ө бұйрығы негізінде 01.09.2022ж №543 –н   бұйрықпен  бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен жалпы ата-жиналысында таныстырды.Қатысушыларды кеңеске мүшелікке үміткерлерді таныстырды, мектептің қамқоршылық кеңесінің  міндеттері мен құзыреттілігімен таныстырды.2022-2023  Қамқоршылық кеңес төрағасы  1.А.Тазабекова

2.Қ.Акипова- Қамқоршылық кеңестің хатшысы3.Ғ.Жанболысова Қамқоршылық кеңес мүшесі4.Б.Молдыкулова - Қамқоршылық кеңесі  мүшесі5.Байдилдаева Ш-Қамқоршылық кеңесі мүшесі6.     Мухаметова С - Қамқоршылық кеңесі мүшесі7.Узекбаева Ж- Қамқоршылық кеңесі мүшесі8.С.Шыңғысбаева - Қамқоршылық кеңесі мүшесі9.     Сазанбаева А   - Қамқоршылық кеңесі мүшесі        Шешім бір ауыздан ашық дауыспен қабылданды. .Мектепте оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Оқушының дүниетанымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту,  Мақсаты: Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру .Әр сыныптың   үміткерлері өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, агитациялық жұмыстар жүргізді. Үміткерлерді сайлау мектептің  файесінде   өтілді.Сайлау жәшігі қойылды. Мектепішілік сайлау комиссия мүшелері  сайланды.Олар: мектеп директоры Р.Баймухамбетова, ДТІСЖО Г.Жанболысова, кәсіподақ төрайымы Р.Нугманова, тарих пәнінің мұғалімі А.Джиембаева.  

        Комиссия мүшелері дауыс беруге келген оқушыларды тіркеп, қолдарына сайлау парақшаларын беріп, бір – бір оқушыдан сайлау бөлмесіне кіргізіп отырды. Оқушылар сайлау парақшасын белгілеп, сайлау жәшігіне салып отырды. Әрбір дауыс беруші бір ғана үміткерді таңдады. 

       Сайлау сағат 09.00 –де басталып, сағат 14.00-де аяқталды. Комиссия  мүшелері мектеп директорының  кабинетінде сайлау жәшігін ашып, дауыстарды санады. Биылғы оқу жылында «Мектеп Президенті» сайлауына 11 үміткер өтініш білдірді. Олар: 9 А сынып оқушылары: Жұбай Айдана, Нұрболат Сабина. 9б сынып оқушылары: Иманас Қайсар, Амангелдіқызы Еркежан. 9 В сынып оқушылары: Саяхат Жанерке, Айдарханқызы Нүргүл. 10 А сынып оқушылары: Ергалиева Аружан, Бимақан Әзилия, Амантай Ақниет. 10 Б сынып оқушылары: Әділхат Айгерім, Серікқызы Нұрай.  Сайлауға 8-11 сынып оқушылар қатысып,өз үміткерлеріне дауыстарын беріп, ат салысты. Өтініш білдірген үміткер  өз жобаларын ұсынып, қорғап шықты.  

        Сайлау қорытындысы бойынша ең көп ұпай 68 дауыс жинаған 10 А оқушысы Ергалиева Аружан «Мектеп Президенті» болып сайланды. Ал қалған үміткерлер жинаған ұпай санына қарай министр мүшелері болды. Атап айтса: Жұбай Айдана – оқу министрі, Нұрболат Сабина – ақпарат министрі, Иманас Қайсар – спорт министрі, Амангелдіқызы Еркежан –баспасөз министрі,Саяхат Жанерке – тәрбие министрі, Айдарханқызы Нүргүл – мәдениет министрі, Бимақан Әзиля – құқық фракциясы, Амантай Ақниет мектеп президентінің көмекшісі, Әділхат Айгерім –экология министрі, Серікқызы Нұрай – денсаулық және тазалық министрі.

Аудандық   білім  бөлімінің хатына сәйкес мектепішілік 01.08.2022ж.бұйрық №205н  бұйрығын негізге ала отырып «Мектепке жол»акциясының жұмыс жоспары бекітілді. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілді. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтті. Аудан әкімімен 5 балаға демеуші бекітілді. 1 демеуші өз себептерімен көмектен бас тартты.Аудандық су бөлімінің басшысы Сағынбеков Ж  40000,БТИ басшысы Төлегенов Қ.М 50000,Жұлқайнаров М. 60000,  ҚазТрансойл басшысы Сұлтансейітов Д 100000, мектеп директоры Р.К.Баймухамбетова 26000 көмек көрсетсе,Ұстаздар Джиембаева А 26000,Нұрболатова М 20000,Несипбекова Б 30000,Карижанова Р 16000,Қазиева Б   20000,Жақыбаева Л 15000,Нүкебаева А 5000 ,ата-ана Төреханова А 15000, ,ата-ана Тумабаева Г 10000 теңгеге, жалпы 500000 мыңга 16 оқушыны мектеп формасы,оқу құралымен материалдық көмек берілді.Дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясына белсене қатысқан ұстаз,ата-ана,демеушілерге мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз. «Мектепке жол»республикалық акциясы жыл бойына жалғасады.            «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар   Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі 11.10.2022 жылғы  № 609-н  бұйрығы негізінде  10 қазан   мен 25 қазан  аралығында «25 қазан Республика күні»   тақырыбында мерекелік   іс-шаралары бекітіліп, жоспар бойынша  жұмыстар жүргізілді. Педагог ұйымдастырушы  М. Жулкайнарова  «Қыран елім –Қазақстаным!» патриоттық акциясы ұйымдастырылды. 5-7 сыныптар  арасында «Атамекен» тақырыбындағы жалпы республикалық патриоттық диктант байқауы өткізілді. 8-11 сыныптар  арасында Республика күнін мерекелеу аясында оқушылар, «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында жалпы эссе байқауы жүргізілді. Жауапты қазақ тілі мен   әдебиеті пәнінің  мұғалімдері. Мектебімізде  жаппай Гимн орындау  күні өткізілді. «Қыран елім – Қазақстан!» жалпы патриоттық акциясы аясында оқырмандар байқауын 8 сыныптар  арасында өткізген мектеп кітапханашы  Нұрмұқаш Ляззат    бейнебаян, фото түсіріп, saken_imanasov.tarbie instagram желісіне салынды.    22- қазан   күні  1-11 сыныптары  үшін «25 қазан – Республика күні» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, saken_imanasov.tarbie instagram желісіне салынды. Бастауыш сыныптарда «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты оқулар ұйымдастырылды.  Жеңімпаз оқушылар  марапатталды.  25-қазан Республика күніне орай спорттық  іс-шаралар өткізілді. Волейбол,  баскетбол,   асық ату,  футбол жарыстар өткізілді. Мереке күніне  24-25 қазан аралығында кезекшілік кестесі   ұйымдастырылып,  жауапты  мұғалімдер   уақытылы  өз  кезекшіліктерін  уақытында   атқарды.  Кешкі  рейдке кезекші  мұғалімдер   шықты, ешқандай  тәртіп бұзушылық болған  жоқ.  «Мектебімізде   тәрбиелік  мәні  бар, патриоттық іс-шаралар өз дәрежесінде жүргізілді.


        Сәкен Иманасов атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Рәміздер айлығына байланысты айлық жоспары  жасалынып,  жұмыстар жүргізілді.«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  19.09.2022 жылдың  № 561-Ө   бұйрығына сәйкес   мектебіміздің №564-н бұйрығы негізінде 2022 жылдың 19 қыркүйектен 19 қазан аралығында «Мемлекеттік рәміздер- ұлттың тарихы» атты тақырыбында айлықтық  іс-шаралар бекітіліп, аудандық іс-шара жоспары негізінде жұмыстар   атқарылды. Атап кетер болсақ , 1-4 сынып   араларында  «Рәміздерім –айбыным», 5-9 сынып  аралығында «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері   және оны құрметтеу» , 10-11 сынып аралығында «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Ғ.Жанболысова «Мемлекеттік  рәміздер   туралы» ҚР Президентінің жарлығымен таныстырды.  «Мемлекеттік Рәміздерге 30 жыл» тақырыбында 8-9  сынып  оқушыларының арасында  сырттай эссе байқауы  өтілді. Жауапты  мұғалім қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Қабдығалиева Бакыт Толепбергеновна, Несипбекова Шолпан Келисовна, Кабиденова Асель. Мақсаты: Рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшеліктерін айқындап, арман-аңсарын басқалармен байланыс мұраттарын паш ететіндігі жайлы өзіндік ой-пікір, көзқарастарын әдеби эссе жазу арқылы нақтылау. Қорытындылай келе,І орын:  1. Нұрболат Сабина-9а сыныбы-38 балл 2. Базарбек  Диляра  9в   сынып  38  балл ІІ орын:   1. Саяхат Жанерке-9в сыныбы -34 балл 2.Абдуғали Әмина-8б сыныбы-34 балл  3   Бұланқызы  Ақбота-8в сыныбы-37 балл ІІІ орын:  1.Серғазы Айым-  8а сыныбы-29 балл оқушылар марапатталды. Мектеп кітапханашылары «Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу -азаматтық борыш» атты  тақырыптық   кітап көрмесін  видео көрсетілім жасады. Өткізілген іс-шаралар мектебіміздің facebook,instagram желілеріне салынды.«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік рәміздері» тақырыбында 2-11 сыныптар арасында сауалнама тестілеу жұмыстары жүргізілді. Сауалнаманың   мақсаты: Оқушыларды  Қазақстан    Республикасының  Мемлекеттік  Рәміздерді құрметтеп,дәріптеуге тәрбиелеу. «ҚР Мемлекеттік Гимінді орындау» байқауы өткізілді. Рәміздерді  құрметтеу, өз халқын құрметтеу екенін әр бала санасына толық жеткізе отырып, елжандылық қасиеттерді бойларына қалыптастыру.

Әр сынып жетекшіде рәміздерге арналған  жинақ құжаттары бар. 


            Аудандық  білім бөлімінің  30.09.2022 ж    № 603-ө бұйрығы  негізінде «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар  Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі 03.10.2022 жылғы  № 600-н  бұйрығы негізінде  03 қазан   мен 31 қараша  аралығында «Бала құқығы –асыл қазына»   тақырыбында құқықайлығының   іс-шаралары бекітіліп,жоспар бойынша  жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың құқығы, міндеті, жауапкершілігі, ата-ана құқығы, жауапкершілігі, бала құқығы туралы конвенция жөнінде мағлұмат беріліп, талдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар  кешкі рейд жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай оқушы көшеде жүрмегендігі анықталды. Әрбір сыныптар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша   төмендегі тәрбиелік мәні бар іс-шаралар атқарылды.1-4 сыныптар  «Балам бол,   басқа  бол  бәріңе заң ортақ»  5-9 сынып   аралығы «Бала құқығы -адам құқығы»,   10-11  сынып  аралығында    «Құқық әлемі» осындай тақырыпта  барлық сынып жетекшілер ашық тәрбие сағаттары толық өткізді, saken_imanasov.tarbie Instagram желісіне салынды. Оқушыларға құқықтық  тәрбие   берілді.   Мектеп психологтары  Уралбаева  Ж    және Омарқажықызы  Маржан «Құқықтық тәрбиені  қалыптастыруда отбасының рөлі» тақырыбында  дәріс оқыды. Құқық қорғау  органдары қызметкерлерімен  кездесу  өткізілді. Аудан прокуроры А.А. Бурасанов пен ЮПТ-ның инспекторы  полиция аға лейтенанты Э.Б. Жармуханбетов «Кәмелеттік жасқа   толмағандар арасында   құқық бұзушылықтың, жыныстық қол  тиіспеушілігіне қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында   дәріс өткізді. 9 сынып оқушылары мен   Болатқызы Разия «Құқықтық   білімнің  маңызы  зор» тақырыбында бейнебаян  түсірді. saken_imanasov.tarbie Instagram желісіне салынды. «Бала құқығы-  басты құндылықтардың  бірі» тақырыбында 5-8  сыныптар  арасында    сурет байқауы  өткізілді. Көркем еңбек  пәнінің  мұғалімдері А. Турсынова мен  М. Керуенбаева  қорытындысын шығарды. Атап айтсақ: І орын  алғандар: 5 в  сынып   оқушысы Дулатқызы Айзере, 7 г Расил Аяулым, 5 а Темірхан Нұрислам, ІІ орын алғандар: 5  б сынып  оқушысы   Слямжан  Айым, 5а  сынып   оқушысы Үмітқажы Нұрислам, 5 а   сынып  оқушысы Қапсамет  Бүркіт, ІІІ орын  алған   оқушылар: 7  г  сынып   оқушысы Жұмабек  Еркежан, 7 г сынып оқушысы  Серік  Аяулым, 5 в   сынып  оқушысы Айтқали  Аружан, 5 а   сынып  оқушысы КЕрімхан  Нұрислам, 5 г сынып оқушысы Жекен  Аяжан, 5   а сынып оқушысы Табарак Қайнар   марапатталды.  «Бала құқығы неге  бұзылады?» тақырыбында  Жумашева Дилмира  дебат турнирін  өткізді. Мектебімізде  тәрбиелік   мәні  бар, құқықтық жауапкершілігі бар іс-шаралар өз дәрежесінде жүргізілді.

Мектебімізде құрылған   «Адал ұрпақ» клуб  мүшелермен тәрбие орынбасары Ғ.Жанболысова «Жемқорлыққа жол жоқ »тақырыбында  аудандықдық байқауда екінші орынды иеленді.Әсемқұл Ернұр,Ерғалиева Аружан,Серікқызы Фатима,,Облыстық байқауға екі оқушы Әсемқұл Ернұр,Ерғалиева Аружан жолдама алып екінші орын,сертификатпен марапатталды.

«Жемқорлық індет,жою міндет»2-11 сыныптар арасында форум өтті.11аб,10а,8а,9а,б,7-5 сыныптар лозунг,плакаттармен жақсы дайындықтармен  шықты.

Мектебімізде құрылған  дебат клубы,клуб жетекшісі  ЖумашоваДильмира

Клуб мақсаты:қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Мектеп оқушыларын үйірмеге тарту. Мектепішілік пікірсайыс турнирлерін ұйымдастру, үздіктерді анықтап, ынталандыру. Мектеп намысын қорғайтын үздік оқушыларды анықтау.Мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру, тәжірибе алмасу арқылы үздік натижелерге қол жеткізу.

         Турнирдің мақсаты: оқушыларының арасында мектептік пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және насихаттау, мектептегі пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және қолдау.

         Турнирдің міндеттері:

-         білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар

арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту;

-         Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды

талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу,   дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту;

-         оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары

мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылау мен шешудегі жауапкершілік, қатыстылық сезімін қалыптастыру.


Қаралған қарарлары:

Бізге қарттар үйі қажет пе, қажет емес пе?  

Адамзатпен баласына қарттың қазынасы екендігін  ұмытпауы қажет

   Аталған мәселе бойынша екі жақты пікір айтылып, өзіндік көзқарастары білдіріліп, қорытынды жасалды.

Қазан айында «QR» дебат клубының жиыны өткізілді. «Бала құқығы неге бұзылады?»  деген тақырыпта жиын өткілді.

         Турнирдің мақсаты: оқушыларының арасында мектептік пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және насихаттау, мектептегі пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және қолдау.

         Турнирдің міндеттері:

-         оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары

мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылау мен шешудегі жауапкершілік, қатыстылық сезімін қалыптастыру.

-құқтық сауаттылығын арттыру


Қаралған қарарлары:

«Бала құқығы неге бұзылады?» деген сауалға екі топ болып бір-бірінің пікірі тыңдалып, өзара ой бөлісілді. 

Екі тарап болып, баланың құқығы туралы айтып, құқық бұзушылықтардың алдын алу жайлы ой айтылды.

   Аталған мәселе бойынша екі жақты пікір айтылып, өзіндік көзқарастары білдіріліп, қорытынды жасалды.

Қараша айында «Ұшқыр ой» дебат клубының жиыны өткізілді. Бұл жиында дебат мүшелерінің  «Пікір-сайыс деген не? Пікір сайыстыру  принциптері» тақырыбында жиын өткізілді.

Мақсаты: пікір сайыс қалай жүргізілетіні туралы ақпарат беру. Пікір сайыс ережелерімен таныстырып, пікірлесу мәдениетін ұғындыру.

 Жиналған клубтың мүшелеріне пікір-сайыстың ережеері мен оның әр мүшелерінің өзіндік ойын қалай жеткізу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, сайысудың принциптері таныстырылып өттілді.

 Жиынға жиналған қатысушылармен бірлесе отырып, әлеуметтік желіден парақша ашып, ой бөлісу алаңын құру туралы шешім қабылданды. Аудандық   білім  бөлімі басшысы  А,С.Ибраимовтың  Алакөл ауданы білім мекемелерінде өтетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты іс-шаралар кестесін  негізге ала отырып  мектепішілік іс-шара        жоспары құрылып,өткізілді.   «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» ашық тәрбие сағаттары  1-11 сыныптар өткізілді.  Б.Несипбекова,Мекішова С.А, Акишова М , Қабдығалиева Б, Несипбекова Ш,  М, Г,Жақыбаева Л,Жапабаева Р,Мамырбаева Ш,Карижанова Р,Мырзабекова Н,Бекбаева М,Ардаков А,Нусипова И,Дүйсембаева Т,,Баймұхамбетова А жоғары дәрежеде  өткізілді. «Жас қыран» ұйымдарына оқушылар қабылдау салтанатты жиынды мектебіміздің ұйымдастырушы педагог М.Жүлкайнарова  ұйымдастырды.Адал ұрпақ болуға ант қабылдаған жас ұландарды ұлағатты ұстаздар және мектеп президенті А.Ерғалиева  құттықтады. 



тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасары         Г. Жанболысова 






















































           


Похожие публикации:

07 июнь 2022 .
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru