ӘЗ -Наурыз » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
июнь
2022

ӘЗ -Наурыз

       

  Аудандық  білім бөлімінің  05.03.2022 ж    №137 -ө бұйрығы  негізінде «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар  Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі 09.03.2022 жылғы  № 182-н  бұйрығы негізінде  09 -22 наурыз аралығында   «Наурыз»  мерекесін   атап өту тақырыбында құқықайлығының   іс-шаралары бекітіліп,жоспар бойынша  жұмыстар жүргізілді.  11   наурыз күні  педагог ұйымдастырушы  Валиева Айнұр 9-10 сынып қыздары арасында   «Көктем аруы -2022» атты қыз сыны   байқауын «Өзін-өзі басқару» ұйымымен бірігіп өткізді. Мақсаты: Қыздарды  халқымыздың  ізгі   қасиеттері: имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке, ісмерлікке тәрбиелеу. Байқау  5  кезеңнен тұрды, қорытындысы бойынша бас  жүлдені иеленген 10 б сынып оқушысы Құрманжан Альмира, І орын 10 «А» сынып оқушысы Шоқман Камшат, ІІ орын 9 «В» сынып Сәметхан Аяулым, ІІІ орын алған 9 «А» сынып оқушысы  Төлеубек   Еркежан, 9 «Б» сынып оқушысы   Серікқызы Аяулым  марапатталды.      «Ұлттық   дәстүр»  тақырыбында  кітап   көрмесін өткізген Нурмухаш Ляззат оқушыларға  ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі туралы түсінік бере отырып, Қазақтың салт-дәстүрлерін оқушылардың бойына сіңіру, өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, балаларды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиеледі. 9-10 сынып оқушыларымен  „Ұлы Наурыз  - жаңа  жыл басы!“, „Наурыз тойы“ , „Ұлттық дәстүр“  тақырыбында  шығарма,   эссе жазу. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Мекишова Сандуғаш эссе алып,  қорытындысы  бойынша І орын   Отучинова Арайлым 9 а, ІІ орын  Игісін Нұрай 9 а,  ІІІ   орын  Майлыбай Аяулым 9 а, 10 «А» сынып оқушыларынан Кабиденова Асель эссе   алды,  қорытындысы І орын  Мұқаш Ұлжан, ІІ  орын   Оспанқызы  Маржан,  ІІІ   орын  Нұрзат Бинур алды.                                                                                                       Қазақ халқының   салт-дәстүрін  насихаттау, әр сынып өз кабинеттерінде ашық                     тәрбие сағаттарын  өткізді. Атап кететін болсам: 1а,б,в,г сыныптары „Сүйінші, кәде сұрау“ яғни  сүйінші – қуанышты  хабар әкелушіге  берілетін сыйлық екенін  оқушыларға   айтып, көрініс көрсетіп,  осы дәстүр жалғасын  тауып жатқанын айтты. Сүйінші сұрау  жақсылықтың нышаны болып келеді.  2а,б,в,г сыныптары  „Сәлем беру“ атты  тәрбие   сағатының мақсаты Сәлем – сөздің анасы. Әдептілік белгісі - Иіліп сәлем бергені, оқушылардың бойына сіңіру.3 а,б,в,г сыныптары „Ерулік беру“   тақырыбында оқушыларға  „Жаңа қонысқа көшіп келгендердің алғашында үйренісе алмай тосырқайтыны заңдылық. Сондықтан дана халқымыз ерулік беруді ойлап тапқан: бұрыннан отырғандар көшіп келгендердің үйін тігісіп, барлық көрші болып, кезек-кезек қоныстанушыларды бала-шағасымен қосып, түгел үйлеріне шақырып, танысып, білісіп араласып кетуге жағдай жасайды. Үлкендер де, бала-шаға да ерулік кезінде әбден танысады.»туралы түсінік берді.4а,б,в,г  сыныптары „Бата  беру“ тақырыбында   Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтынын оқушылар білді. 5а,б,в сыныптары өз сыныптарында  „Ырым- тыйымдар“атты   ашық тәрбие сағатын  өткізді.   Мақсаты: Ырым-тыйым   сөздерінің  мән-мағынасын түсіндіру, оқкшыларымызды ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу. 6а,б,в,г сыныптар  „Ұлттық ойындар“ тақырыбында оқушыларды қазақтың   ұлттық  ойындары, асық ату, қол күресу, арқан тарту, гір көтеру ойындарымен   таныстыра отырып, көрсетті.  7а,б, в сыныптары  „Ұлттық  киімдер“атты   тәрбие сағатында қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерін білу, сипатын, сыры мен сұлулығын, ғасырлық  тарихын түсіндірді. 8а,б,в  сыныптары  „Халық   даналығы“тақыныбындағы тәрбие сағатын   нақыл сөз, мақал – мәтел, шешендік сөз үлгілері және салт – дәстүрлерден, көріністерден көрсете  білді.   9а,б,в   сыныптары „ Ат қояр және бесікке салу“ тақырыптың мақсаты   Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екенін білу, бесікке салу   рәсімінің қалай өту керектігін көрсетті.   10а,б сыныптар „Тұсау кесер, сүндет той“ 10 б сыныбы  Тұсау кесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүрін  көрініс арқылы көрсетті.   11а,б  сыныптар   „Көрісу“ дәстүрін жаңғырту оқушылар Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысты. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» деп бірін-бірі құшақтап көрісу рәсімін өткізді.

«Бақ дарытар, құт Наурыз» атты  жас  суретшілер байқауы  5-9 сыныптар арасында  өткізілді.   Жауапты мұғалімдер:  Тұрсынова Альвина мен Керуенбаева  Мадина.  Қорытындысы:   Бас жүлде: Наурызбай Мерей – 5а сынып, Нұрболат Сабина – 8а сынып, 1 – орын:  Серікқазы Айлин – 5а сынып, Жұмабек Еркежан – 6г сынып , Сембаева Малика – 6в сынып , 2 – орын: Жеңісхан Ерназар – 6в сынып, Қалибек Айт – 6а сынып, Жеңісхан Заңғар – 5б сынып , 3 – орын: Талғатқызы Балауса – 6г сынып, Жұмабек Еркежан – 6г сынып оқушысы  марапатталды.                                                                                                                      Ұлттық  спорттық ойын түрлері /қол  күресі, гір көтеру, арқан тарту/ атты жарысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Касымханов Алтай өткізді. „Дария  кеуде тау мүсін, қарттарым  аман саумысың“ атты 8 а,б,в сынып жетекшілері Несипбекова Балжан, Ардаков Айдын, Налибаева Карлығаш  әжелерімен дөңгелек  үстел өткізді.

«Ең әдемі  киім - ұлттық киім» атты апталығында  10-11 сынып арасында Бас жүлде 10б сынып, 5-9 сынып арасында  Бас жүлде 9 а сыныбы,І орын 8а,7а сыныптары, ІІ орын 9 б сыныбы, 6 б сыныбы, ІІІ орын 9в, бвсыныптары, «Жігерлі жігіттер» 7б сынып ұлдары марапатталды.1-4 сыныптар арасында   Бас жүлде 3 б сыныбы, І орын 3в,3г сыныптары, ІІ орын 2 б сыныбы,ІІІ орын 2 а, 1в сыныптары марапатталды. Сонымен қатар мектепте кезекшілік және  кешкі рейд жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай оқушы көшеде жүрмегендігі анықталды.

Похожие публикации:

07 июнь 2022 .
07 июнь 2022 .
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru