қамқоршылық кеңесі » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » қамқоршылық кеңесі
27
февраль
2018

қамқоршылық кеңесі

«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамқоршылық кеңес жиналысы
17.02.18ж
Хаттамасы №3
Қатысқандар: 120
Қатыспағаны –36
Күн тәртібінде:
1.2017-2018 оқу жылындағы 1 жарты жылдық оқу-тәрбие үрдісінің қорытындысы.
Б.А.Скакова
2.«Жаңартылған оқу бағдарламасын жүзеге асырудағы ата-ана ықпалы»
Р.А.Карижанова
3.« Отбасындағы ұлттық тәрбиенің басым бағыттары»Ғ.Б.Жанболысова


4.Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:
1.2017-2018 оқу жылындағы 1 жарты жылдық оқу-тәрбие үрдісінің қорытындысы жайлы мектеп директоры Б.А.Скакова 1 жарты жылдықта оқушы саны 570,оның оқу үздігі-112,оқу екпіндісі-167,жалпы білім сапасы-55,2 пайыз.1 тоқсанмен салыстырғанда білім сапасы 0.2 пайызға өсті.2017-2018 оқу жылында жалпы 70 дарынды оқушылардың тізімі анықталды.Қоғамдық-гуманитарлы бағытты 35,жаратылыс бағытында-35 оқушы.Мектептің дарынды оқушылары аудандық 22 байқаудың 16 –на қатысып,14 жүлделі орынға ие болды.Жұмыстары «Арай», «Алакөл» «Айгөлек» газет-журналдарға шығып,жарияланған.Аудандық ғылыми жоба байқауынан орыс тілі пәні бойынша Ерланұлы Даулен 2-ші орын,кіші ғылыми жоба жұмысынан 1-ші орын 9 сынып оқушысы Отинчинова Айгерім,2-ші орын 10 а сынып оқушысы Сағатбекова Айдана А иеленді.Аудандық пән олимпиядасынан 22 оқушының еңбектері жіберіліп,іріктеу кезеңінен17 оқушы өтіп,12 оқушы жүлделі орындарға ие болды. «Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017-2018 оқу жылында жалпы аз қамтылған 122 оқушы. Қоғамдық тегін тамақпен 108 оқушы қамтылып отыр.Көп бала-74 .ж\ж-15.аз қамт-15,қамқоршылықта-3 оқушы Қоғамдық тегін тамақпен 1-4 ----59 оқушы,5-9 сыныптарда 49 оқушы қамтылып отыр. Барлық оқушылардың құжаттары жиналды. ЖББ ҚОРЫ есебінен 117 оқушыға әлеуметтік жағдайына байланысты қажетті киімдер алып беруге қажетті құжаттары толық. Аз қамтамасыз етілген оқушылар тізімі анықталып,қала әкімімен бекітілген. Мектепте ақылы 26 үйірме.Оған 514 бала қамтылған. Қосымша ауданда балалар шығармашылық орталықтарға,спорт комплекстерге қатысатын мектеп бойынша 50 оқушы .Олардың ішінде үздік спортшылар, әнші, бишілер бар.Мыс 8б сынып оқушысы Кәкенұлы Әлішер ,11 сынып оқушылары Нұрғазин Б, Есіргепов Бақтияр, Менагалиев Ильяс, ағайынды Құмарұлы Ільяс, Айтахмет Асар, Болатбек Ермұхамбет, Әнге Аманжол Ж, ағылшын тіліне Саятқызы Ж ,Амантай Ақниет, мәнерлеп оқу,қол өнері,биге үнемі қатысып жүлделі орындар алып жүрген мақтанышымыз бар.

2. мәселе бойынша «Жаңартылған оқу бағдарламасын жүзеге асырудағы ата-ана ықпалы» Бастауыш сынып мұғалімі Р.А.Карижанова Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?Әлем стандартына сай білім беру,бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру,табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру,тәжірибелікдағдыларды дамыту,функционалдық сауаттылықты арттыру.Бағдарламаның мақсат,міндет,ерекшеліктеріне тоқталды.
3 мәселе бойынша « Отбасындағы ұлттық тәрбиенің басым бағыттары»
Тәрбие орынбасары Ғ.Б.Жанболысова Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, ділдік, психологиялық, т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Дегенмен, кез келген адамның әлеуметтік ортада өзін жақсы жағынан көрсете білуге, өзін жетілдіру арқылы белгілі бір қоғамдық дәрежеге жету мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Яғни, тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емес. Өзінің жеке басының кемшіліктерімен күреспеген жанға халықтың қырағы көзі өз бағасын беріп отырған. Сондықтан қандай текті жерден шыққанмен де өмірде өз жолын таба алмай, жеке басының ғана мүддесінің аясынан аса алмаушылықты тектілік деп танымаған.Отбасында осы бір тәрбиеге үлкен көңіл бөлу керектігін айтты.
4.Әтүрлі мәселелер бойынша мектеп психологі Амантайқызы Әсел әр түрлі бала мінез-құлқына әсер ететін Красная сова ойындары туралы ата-аналарға түсіндіріп өтті.



Сөйлеушілер
«Қамқоршылық»кеңестің мүшесі Асқамбаева Д Оқылған баяндамалар мектептегі оқу-тәрбие процесі толық айтылды.Жаңартылған білім заман талабы. Оған барлық ата-аналар түсініп,бұрынғыны айтпай үйде оқушыларды қосымша қадағалау керек.
Қамқоршылық»кеңестің мүшесі К.Бейсенбаева Тектілік адамның ізгілікке, баянды мақсаттарға ұмтылып, жақсы үлгі-өрнек қалдыруынан көрінеді. Ал пендешілік пен нәпсіқұмарлықтың теріс жолына түскен азамат тексіздіктің құрсауына шырмала түседі. Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Халқының, Отанының мүддесін жоғары қоя білген адамдардың қатары көбейген сайын тектіліктің де қадірі артып, қоғамдағы қайшылықтар шешімі жеңілдейді. Жап-жас ата-аналар құлақта сотка,ұлттық тәрбие емес күнделікті балаға қарамайды. «Ертең не ексен соны орасын» тегін білмейтін,жеті атаны білмейтін ұрпақ шығады
Шешім
1.Оқу -тәрбие жұмысын жандандыру
2.Мектепте қамқоршылық кеңестің жұмыстарын жандандыру


Қамқоршылық кеңестің төрайымы Тазабекова А
Хатшы: Асқамбаева Д



Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru