Білім беру ұйымы туралы » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2023

Білім беру ұйымы туралы

 «Сәкен Иманасов атындағы  орта мектеп»  коммуналдық  мемлекеттік   мекемесінің  тарихы

       Мектеп ғимараты 1984 жылы балабақшаға арнап салынды.

     1993- 1994 оқу жылында Абай атындағы орта мектебінің филиялы есебінде 7 бастауыш сыныбы ашылды. Директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Искакова Сарқыт Абай орта мектебінің директоры : Тұрысбекова  Нина О. Дәріс берген мұғалімдер: Керімбекова Гүлжария, Игібаева Жанат, Темірбаева Алитон, Керімқызы Сайлаугүл, Бүркітбаева Шекер, Жақыбаева   Ләтипа, Сайболатова Гүлім – орыс тілі пәнінен


  1994-1995   оқу жылында Талапкер орталау мектебі болып ашылды.

Мектеп директоры – Таикина Нұржан директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Жиенбаева Алмагүл бастауыш сынып мұғалімдері : Керімқызы .С, Бүркітбаева. Ш, Керімбекова. Г, Керімқұлова Р., Игібаева. Ж., Темірбаева. А., Жақыбаева. Л.Орыс тілі пәнінің мұғалімдері: Қойшыманова. Б., Зауатбекова. Ғ.,Математика пәнінен – Еңсенова Қанша

Қазақ тілі пәнінен және 5-сынып жетекшісі : Аймишева

Еңбек пәнінен және 5-сынып жетекшісі: Рымов Хамит



2002 жылы Талапкер орталау мектебінің жанынан 6 сынып, 1 спорт зал салынып, пайдалануға берілді.

2002 жылдың 14 тамыздағы № 8-212 Алматы обылысының әкімінің шешімі негізінде   Талапкер орталау мектебі Талапкер орта мектебі мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

     2003-2004 оқу жылында Талапкер орта мектебінің директоры болып, Бекболатова Айгүл Нұрмұқашқызы тағайындалды.

Мектепте 41 мұғалім жұмыс істеді, оның 3-жоғары санатты, 11-бірінші санатты, 8-екінші санатты.

      Талапкер орта мектебінің алғашқы түлектері болып, 41 оқушы аяқтады: 11а сыныбынан 21 оқушы бітіріп шықты.

Осы жылы мектепте бір даярлық сыныбы ашылды.

2010 жылы «Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік  мекемесі   болып мектептің  атауы өзгерді.

      «Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі болып аудандық білім бөлімінің  31.08.2010 жылы  

№ 114-4 бұйрығымен   мектептің атауы өзгерді. «Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі № 231-ө бұйрық 16.03.2015 жылы заңды құжаттармен мектеп мөрі, мектеп атауы «Алакөл аудындық білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   болып өзгерді. 

2018 жылдың сәуір айында «Алакөл аудындық білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Алакөл аудындық білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Сәкен Иманасов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі     болып өзгерді. 

2022 жылы қазан айының 30-да «Алакөл аудындық білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.




Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru