Байқауға шақыру » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
август
2022

Байқауға шақыру


Информатика  пәні мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру


Орналасқан жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би  көшесі №23 А

Пошталық мекенжайы: 040200 

Телефон нөмірлері: жұмыс 87283321508, ұялы:87023539593

Электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі « Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, shtalapker@mail.ru

Негізгі функционалдық міндеттері:

Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

       Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. 

       Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. 

       Электронды журналдарды толтырады. 

      Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

      Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

       Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. 

       Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. 

      Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

      Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

       Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. 

       Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. 

       Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. 

       Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды. 

       Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 

       Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады. 

       Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

     Еңбекке ақы төлеу мөлшері: қызмет өткерген жылдарына байланысты 112 500ден-180.800 теңгеге дейін

    Шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, информатика пәнінің мұғалімі

     Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.

      Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.

      Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.08.2022ж – 23.08.2022ж  аралығында   конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі);

Конкурсты өткізу күні мен орны: 

Конкурс Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жалбы бикөшесі, №23 А мекен-жайында 24-26 тамыз аралығында комиссия отырысы  өтеді. 

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті   құжаттар тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде бірінші басшының уақытша бос лауазымының мерзімі: 


Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші 
 басшылары мен педагогтерін 
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату 
 қағидаларына
 10-қосымша


Нысан 


____________________________
 конкурс жариялаған мемлекеттік 
 орган

       ____________________________________________________________________ 

       кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН 

       ____________________________________________________________________ 

       (лауазымы, жұмыс орны) 

       ____________________________________________________________________ 

       ____________________________________________________________________ 

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

       ____________________________________________________________________ 

       білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл) 

       Қазіргі уақытта жұмыс істеймін 

       ____________________________________________________________________ 

      лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы







 Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________ 
 
 Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________ 
 
 Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________ 
 
 Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда) 
 
 ________________________________________________________________


Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші
 басшылары мен педагогтерін
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату
 қағидаларына
 11-қосымша



Нысан

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

Өлшем шарттар

Растайтын құжат

Балл саны
 (1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1
 Жоғары күндізгі = 5
 жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2
 жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5
 PHD-докторы = 10
 Ғылым докторы = 10
 Ғылым кандидаты = 10


Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60-қа дейін = 0 балл
 60-тан 70-ке дейін = 2 балл
 70-тен 80-ге дейін = 5 балл
 80-нен 90-ға дейін = 6 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40-қа дейін = 0 балл
 40-тан 50-ге дейін = 1 балл
 50-ден 60-қа дейін = 2 балл
 60-тан 70-ке дейін = 3 балл
 "Педагог-модератор" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60 балға дейін = 0 балл
 60-тан 70 балға дейін = 3 балл
 70-тен 80 балға дейін=6 балл
 80-ден 90 балға дейін=7 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40 балға дейін=0 балл
 40-тан 50 балға дейін=2 балл
 50-ден 60 балға дейін=3 балл
 60-тан 70 балға дейін=4 балл
 "Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60 балға дейін=0 балл
 60-тан 70 балға дейін=4 балл
 70-тен 80 балға дейін=7 балл
 80-нен 90 балға дейін=8 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40 балға дейін=0 балл
 40-тан 50 балға дейін=3 балл
 50-ден 60 балға дейін=4 балл
 60-тан 70 балға дейін=5 балл
 "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60 балға дейін=0 балл
 60-тан 70 балға дейін- 5 балл
 70-тен 80 балға дейін=8 балл
 80-нен 90 балға дейін=9 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40 балға дейін=0 балл
 40 - тан 50 балға дейін=4 балл
 50-ден 60 балға дейін=5 балл
 60-тан 70 балға дейін=6 балл
 "Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл
 1 санат -2 балл
 Жоғары санатты-3 балл
 Педагог-модератор-3 балл
 Педагог-сарапшы = 5 балл
 Педагог- зерттеуші = 7 балл
 Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалық қызмет өтілі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1
 3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5
 5 жылдан 10 жылға дейін = 2
 10 жылдан және одан артық = 3

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл
 директор орынбасары= 3 балл
 директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері
 "өте жақсы" = 1 балл
 "жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл
 Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл
 Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;
 - мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;
 - мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл
 ғылыми жобалар-1 балл
 олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл
 "Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл
 "Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл
 медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл
 РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы
 БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық
 - көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл
 ӘБ жетекшілігі -1 балл
 кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл
 2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл
 Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл
 3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
 - цифрлық сауаттылық сертификаты,
 ҚАЗТЕСТ,
 IELTS;
 TOEFL;
 DELF;
 Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары
 – 0,5 балл
 курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл – 83
 
 


МАҢЫЗДЫ:

Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.


Похожие публикации:

28 январь 2022 Мазмұны
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru