Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс
18
август
2023

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс

Дене шынықтыру  пәнінің мұғалімі  бос лауазымына   орналасуға конкурс 

1)  Мекен- жайы: Жетісу облысы, Алакөл ауданы,Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі №23 А телефон номері 87283331508, эл. Почта.shtalapker@mail.ru

«Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі    Дене шынықтыру  пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс  жариялайды

2)Лауазымдық міндеттері:

*мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған педагогикалық процесті жүзеге асырады;

*балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

*балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

*дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді;

*білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім  алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және  дамытуға жәрдемдеседі;

*білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып,оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді қолданады және күнтізбелік -тақырыптық жоспарлау, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

*бөлім бойынша   және тоқсан бойынша алынған жиынтық бағалаулардың қорытындысы бойынша  талдау жасайды;

*электронды журналды уақытылы толтырады;

*оқу үрдісінде заманауи-ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қосымшасын пайдаланады.

3)Бос лауазымға конкурсқа құжаттар тапсыру 2023 жылдың  18  тамыздан   басталады      

4) Конкурсқа қатысушылар келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

   6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10)11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru