Педагог – психолог қызметіне конкурс жариялау » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог – психолог қызметіне конкурс жариялау
02
март
2023

Педагог – психолог қызметіне конкурс жариялау

Педагог – психолог қызметіне конкурс жариялау

«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі « Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ !!!

ЕСКЕРТУ!

Конкурс " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі. ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ (2 бірлік) 

ҚЫЗМЕТІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!!! 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

Орналасқан жері: Жетісу облысы,  Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би  көшесі №23 А

Пошталық мекенжайы: 040200 

Телефон нөмірлері: жұмыс 87283321508, ұялы: 87023539593

Электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, shtalapker@mail.ru

Негізгі функционалдық міндеттері:

      Білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

      Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

      Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

       Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. 

       Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. 

      Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

      Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

       Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. 

       Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. 

       Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. 

       Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды. 

       Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 

       Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады. 

       Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

      Еңбекке ақы төлеу мөлшері: қызмет өткерген жылдарына байланысты 90.000 нан-110.000 теңгеге дейін

     Шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: «Жетісу  облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, педагог-психолог қызметіне

      Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық  білімі болуы тиіс.

     Педагог, педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.03.2023ж – 10.03.2023ж  аралығында    конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі);

Конкурсты өткізу күні мен орны: 

Конкурс Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жалбы бикөшесі, №23 А мекен-жайында 13.03.2023 ж - 15.03.2023 ж   комиссия отырысы  өтеді. 

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:

      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты 

 педагог-модератордың, педагог-сарапшының,педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің 

педагог мәртебесінің бар екендігін растайтын біліктілік санатының болуы туралы куәлік 

      11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.


Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші
 басшылары мен педагогтерін
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату
 қағидаларына
 11-қосымша

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

Өлшем шарттар

Растайтын құжат

Балл саны
 (1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1балл
 Жоғары күндізгі =
2 балл

Жоғарғы күндізгі үздік=3балл
 жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = -2балл
 магистр =5 балл

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5
 PHD-докторы = 10
балл
 Ғылым докторы = 10
балл
 Ғылым кандидаты = 10
балл

3

Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

Сертификат

"Педагог" біліктілік санаты-5балл
 
 

4.

Біліктілігі/Санаты.

Жеке куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл
 1 санат -2 балл
 Жоғары санатты-3 балл
 Педагог-модератор-3 балл
 Педагог-сарапшы = 5 балл
 Педагог- зерттеуші = 7 балл
 Педагог-шебер = 10 балл

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл
 директор орынбасары= 3 балл
 директор = 5 балл

6.

Алғаш рет жұмысқа тұрған  педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері
 "өте жақсы" = 1 балл
 "жақсы" = 0,5 балл

7.

Бұрынғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (педагог лауазымы бойынша)

Ұсыныс хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл
 Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 3 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;
 - мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;
 - мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл
 ғылыми жобалар-1 балл
 олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл
 "Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл
 "Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл
 "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы"медаль иегері – 10балл

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл
 РОӘК –  тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы
-2 балл
 БҒССҚЕК, Scopus  тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы
-3балл

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық
 - көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл
 ӘБ жетекшілігі -
2 балл
 2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл
 Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл
 3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
 - цифрлық сауаттылық сертификаты,
 ҚАЗТЕСТ,
 IELTS;
 TOEFL;
 DELF;
 Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары
 – 0,5 балл
 курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

12

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім гранты алған жоғары және сертификаты, жоғары оқу орнынан шарты кейінгі білім беру ұйымының түлегі, «Дипломмен ауылға!», «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің келісімі

3 балл

Барлығы:

Максималды балл –
 
 


МАҢЫЗДЫ:

Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.


Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі, 23А үй

Жетысуская область, Алакольский район, город Ушарал, улица Жалбы би 23А
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Иманасов орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru